Жаңалықтар

Дипломатия саласындағы әйелдер күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін, 2023 жылғы 27 маусым күні Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Халықаралық дипломатия саласындағы әйелдер күні» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, Канада Елшілігінің консулы Синтия Биссонетт, Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чо Тае Ик, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Дебра Ло және басқа да еліміздегі дипломатиялық корпустың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – дипломатия саласындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау, оқу-ағартушылық және ақпараттық іс-шаралардың көмегімен осы күнді атап өтуге үндеу.

Дипломатия саласындағы әйелдер күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Жиын барысында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич әйелдердің дипломатиядағы рөлін арттырудың маңызын түсінгенімізді, енді алдағы уақытта бұл бастаманы тәжірибеде қолдану аясын кеңейту керегін атап өтті.

«Әйел адамдар элитаның елшілері емес, қарапайым адамдардың елшілері болып көрінеді. Өйткені әйел адам елші болса, қарапайым адамдардың, студенттердің, балалардың жағдайын жақсырақ түсінеді және мәмілеге оңай келеді», – деді спикер.

Дипломатия саласындағы әйелдер күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ал Айгүл Құспан болса, бұрындары тұрмыс құрмаған әйелдердің елші болып  шет мемлекеттерге шыға алмайтынын, бүгінде ондай шектеулер жоқ екенін сөзіне тиек етті.

Дипломатия саласындағы әйелдер күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Айта кетейік, Халықаралық дипломатия саласындағы әйелдер күні 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында  ресми түрде белгіленген болатын. Аталған резолюцияны 191 ел қолдап дауыс берді, олардың қатарында Қазақстан да бар. Биыл бұл күн  мереке ретінде алғаш рет атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button