Зерттеулер

Үздік жобалар жинағы

Жыл сайын қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде аясында Қазақстан өңірлерінде бәсекеге қабілетті тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қалыптастыруға бағытталған әртүрлі  жобалар іске асырылады.

Бұл жобалардың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты республикалық деңгейде мультипликациялауға болады. Жыл сайын Қазақстандық қоғамдық даму институты әр өңірде іске асырылған үздік жобаларды іріктеп алады. Жобаларды іріктеу кезінде олардың қоғамдық маңыздылығына, инновациялық құрамдас бөлігінің болуына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  негізгі 6 қағидатына сәйкестігіне баса назар аударылады.

«Сәтті үздік жобалар жинағы» Қазақстан өңірлерінде іске асырылатын жобалардың ақпараттық базасын білдіреді және тәжірибе алмасуға, қоғамдық сананы жаңғыртудың неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылауға және ілгерілетуге арналған.

Жинақ барша оқырмандарға арналған: қоғамдық сананы жаңғырту саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдеріне арналған.

Ұсынылған материалдар авторлық редакцияда жарияланады, мазмұны, баяндау стилі және сауаттылығы үшін авторлар жауапты болады.

Үздік жобалар жинағы

Басқа жаңалықтар

Back to top button