Зерттеулер

Қазақстандық ҮЕҰ қызметтерінің нормативтік-құқықтық негіздерін зерттеу талдамалық баяндама – 2022

Бұл талдамалық баяндама (бұдан әрі – баяндама) салалық заңнаманы, еліміздегі азаматтық дамудың ағымдағы жай-күйін зерделеуге, отандық ҮЕҰ қызметі туралы қолданыстағы заңнамаға енгізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарға негізделген.

Қазақстан үшін ҮЕҰ саласындағы қолданыстағы заңнаманы өзгерту мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ретте отандық заңнама шетелдік әлеуметтік және саяси ғылымдардағы зерттеулер мен жарияланымдар объектісі болып табылады. ҮЕҰ қызметіне қатысты халықаралық және шетелдік нормативтік-құқықтық актілер оларды қазақстандық контексте қолдану мүмкіндігін талдау мен түсінуді талап етеді.

ҮЕҰ қызметі саласындағы заманауи қазақстандық заңнама елдегі үшінші секторды дамытуға бағытталған, бірақ, әрине, жетілдіруді қажет етеді, өйткені, елде, әлемде болып жатқан өзгерістерге «ілеспейді».

Зерттеудің негізгі мақсаты – ҮЕҰ саласында қолданыстағы заңнамадағы өзекті проблемалар мен кемшіліктерді талдау және анықтау, азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы және қазақстандық ҮЕҰ-ның өзекті мәселелерін шешуде мемлекет пен тиісті институттардың өзара әрекеттесу тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік міндеттерді шешуде ҮЕҰ рөлін күшейту және әлеуметтік-саяси жаңғырту қазақстандық ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері: Қазақстандағы ҮЕҰ саласындағы НҚА-ның қазіргі жағдайын талдау; әлемдік трендтерді, даму тенденцияларын және озық елдердегі КЕҰ тәжірибесін зерделеу; заңнаманы зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Қазақстандық ҮЕҰ қызметтерінің нормативтік-құқықтық негіздерін зерттеу талдамалық баяндама – 2022

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button