Зерттеулер

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндама – 2022

Ұлттық баяндамада осы жылды қамти отырып, Қазақстан Республикасындағы ҚК институтының дамуына талдау жасалған.

Баяндаманы әзірлеу барысында келесі міндеттер қойылды

– республикалық және жергілікті деңгейдегі ҚК қызметінің негізгі трендтерін, табысты тәжірибесі мен мәселелерін анықтау;
– республикалық және жергілікті деңгейдегі ҚК сапалық және сандық құрамына талдау жүргізу;
– КМС субъектілері құратын ҚК қызметін зерделеу;
– халықаралық және отандық тәжірибе негізінде қоғамдық бақылаудың ерекшеліктерін анықтау;
– 2021 жылғы 3 қаңтардағы Заңмен енгізілген ҚК қызметіне қатысты жаңа өзгерістерді іске асыру мәселелерін зерделеу;
– ҚК қоғамдық қызметіне талдау жүргізу.

Зерттеу орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО), КМС субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми статистикалық мәліметтеріне, сондайақ ашық көздерден алынған деректерге және алдыңғы баяндамалардың нәтижелеріне негізделген.

Зерттеу аясында 1 200 респондентті қамтитын жаппай сауалнама және барлық деңгейдегі ҚК 50 өкілін қамтитын тереңдетілген сұхбат жүргізілді.

Алынған деректер, нәтижелер және қорытындылар жиынтығы негізінде мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының қатысу деңгейін арттыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндама – 2022

Басқа жаңалықтар

Back to top button